"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заң және тәртіп: идеология – қоғамды біріктірудің факторы»

14.01.2026

Тәрбие жұмысының және «Диспут» дебат клубының жұмыс жоспарына сәйкес, Ұшқыр ой алаңы / «Мимолетной мысли» жобасын іске асыру аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де дебат клубының жетекшісі Борисенко В.В. «Заң және тәртіп» / «Қоғам ортақ идеологиясыз біртұтас бола ала ма?» тақырыбында дебат өткізді.

Мақсаты: қоғам бірлігін қамтамасыз етудегі идеологияның рөлін талқылау арқылы білім алушылардың азаматтық санасын қалыптастыру, сыни ойлау қабілетін және қоғамдық үдерістерді талдай білу дағдыларын дамыту.

Қойылған міндеттер:
– білім алушылардың идеология ұғымы және оның қоғамдағы қызметтері туралы түсініктерін кеңейту;
– дәлелді пікір айту және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту;
– әртүрлі көзқарастарды талдау және салыстыра білу қабілетін қалыптастыру;
– өзге пікірге құрметпен қарау мен пікірталас мәдениетін тәрбиелеу;
– белсенді азаматтық ұстаным мен толеранттылықты қалыптастыруға ықпал ету;
– ұжымдық талқылау және салмақты шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

Дебат барысында оқушылар идеология ұғымын, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлін қарастырды, сондай-ақ қоғамдық бірлік, құндылықтар, толеранттылық және азаматтық жауапкершілік мәселелерін талқылады. Оқушылар әртүрлі көзқарасты білдіретін топтарға бөлініп, өз ұстанымдарын дәлелдеп, тарихтан және қазіргі өмірден мысалдар келтіріп, қарсы тараптың пікірін құрметпен қабылдауды үйренді.

Дебат форматы көпшілік алдында сөйлеу, дәлел келтіру, логикалық ойлау және сындарлы диалог жүргізу дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іс-шара өзара құрмет пен белсенді пікір алмасу жағдайында өтті.

Өткізілген дебаттар білім алушылардың дүниетанымын кеңейтуге, дербес ойлауын қалыптастыруға және қоғамдық келісімді сақтауда жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА

Возможно, это изображение ‎телевизор и ‎текст "‎Идеология и ее роль в жизнедеятельности современного общества Идеология как наука это наука об идеях Есть нечто более сильное, чем все на свете войска: это идея, время которой пришло. Виктор Гюго Идея становится материальной силой, когда она овладевает массами Карл Маркс •Духовная сфера жизни общества идеология форма общественного сознания ·Фомирует человека объяснительную модель реальности, CUCMeMamU3UDOBAHHO представление об обществе,его :ЕдОВЕзНо ИДЕОЛоГ Инвазистоо ЕТ:ИДЕОЛОГИЯ НЕОБХОДИМА สุผมะนคมนหาททนลิ ลมากมุดทโินังวางจห דישלה‎"‎‎

Просмотров: 214


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст