14.01.2026
Оқушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әзірленген жоспарға сәйкес, «Заң және тәртіп» жобасы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де жоғары сынып оқушыларының Жолымбет кентінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Самбетов Ж.Д.-мен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты: білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, өз әрекеттеріне саналы көзқарас пен заңнама нормалары мен қоғамдағы мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті түсінуін қамтамасыз ету.
Қойылған міндеттер:
– кәмелетке толмағандардың жауапкершілігінің негізгі түрлерімен таныстыру: құқықтық, әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік;
– жауапкершіліктің әртүрлі түрлерінің туындау жасы мен құқыққа қарсы әрекеттердің мүмкін салдарын түсіндіру;
– білім беру ұйымында және одан тыс жерлерде жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру;
– кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен асоциалды мінез-құлықтың алдын алу;
– білім алушылардың құқыққа сай мінез-құлық дағдыларын және өз әрекеттерінің салдарын бағалай білу қабілетін дамыту;
– жеке жауапкершілік, заңға бағынушылық және құқық нормаларына құрмет сезімін тәрбиелеу.
Профилактикалық әңгіме барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кәмелетке толмағандардың жауапкершілігінің негізгі түрлері түсіндірілді. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке, оның туындау жасына, сондай-ақ жасөспірімдер ортасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды.
Білім беру үдерісі аясындағы тәртіптік жауапкершілік мысалдары, білім алушылардың міндеттері және оларды бұзудың салдары қарастырылды. Әңгіме өмірлік жағдаяттар мен тәжірибеден алынған мысалдарды пайдалана отырып, диалог түрінде өтті.
Осындай профилактикалық әңгімелерді өткізу кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#ЗАҢМЕНТӘРТІПАҚМОЛА
#ЗАКОНИПОРЯДОКАКМОЛА