14.01.2026
Тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес, лудоманияның алдын алу және білім алушыларда ойын қызметінің түрлеріне жауапты көзқарас қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Ойынға салауатты көзқарас: ойын тәуелділігінің қаупі және оның салдары» тақырыбында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: білім алушыларда ойын қызметінің түрлеріне саналы әрі жауапты көзқарас қалыптастыру, ойын тәуелділігінің (лудоманияның) дамуының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Міндеттері:
– білім алушылардың ойын тәуелділігі ұғымы, оның белгілері мен пайда болу себептері туралы түсініктерін кеңейту;
– лудоманияның физикалық, психикалық және әлеуметтік денсаулыққа тигізетін кері әсері туралы ақпарат беру;
– ойындар мен цифрлық технологияларды пайдалану барысында өзін-өзі бақылау және жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
– сыни ойлауды және салмақты шешім қабылдай білу қабілетін дамыту;
– салауатты өмір салтына, бос уақытты ұтымды ұйымдастыруға құндылықты көзқарас тәрбиелеу;
– қауіпті жағдайларды тануға және қиындық туындаған жағдайда ересектер мен мамандардан көмек сұрауға үйрету.
Іс-шара барысында оқушылар ойын тәуелділігі ұғымымен, оның пайда болу себептері мен белгілерімен, сондай-ақ лудоманияның адамның психикалық, эмоционалдық және әлеуметтік денсаулығына тигізетін жағымсыз салдарымен танысты. Компьютерлік және құмар ойындарға шамадан тыс әуестенудің қаупіне, тәуелділіктің оқу үлгеріміне, отбасы мен ұжымдағы қарым-қатынасқа әсеріне ерекше назар аударылды.
Әңгіме және талқылау форматында өмірлік жағдаяттар қарастырылып, бос уақытты ұтымды пайдалану, күн тәртібін сақтау және пайдалы әдеттерді қалыптастыру бойынша ұсынымдар берілді. Оқушыларға өзін-өзі бақылау тәсілдері және мәселе туындаған жағдайда ересектерден көмек сұраудың маңыздылығы түсіндірілді.
Өткізілген іс-шара білім алушылардың ойын тәуелділігінің зияны туралы хабардарлық деңгейін арттыруға, салауатты өмір салты дағдыларын және бос уақытты таңдауда саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
#Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #aqmola_metod_center #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi