13.01.2026
Республикалық «Адал Азамат» тәрбиелік жобасы аясында, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен, Қазақстан өңірлерінің қатысуымен Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тиімді су тұтынуды насихаттауға арналған «Суды үнемді пайдалану» / «Суды үнемде – болашақты сақта» тақырыптарында бірыңғай эко-сағаттар өткізілді.
Оқушылар назарына арнайы дайындалған ресурстар ұсынылды:
«Ақмола облысының ғажайып көлдері» (1–4 сыныптар).
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына Ақмола облысындағы көлдер туралы түсінік қалыптастыру, олардың табиғат пен адам өміріндегі маңызын ашу, сондай-ақ Бурабай мен Қорғалжын көлдерінің сұлулығымен таныстыру арқылы суға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру.
«Ақмола облысының өзендері» интеллектуалдық ойындары (5–7 сыныптар): су ресурстарына ұқыпты қарау тәсілдері, Есіл, Ертіс және өңірдің басқа да өзендерінің негізгі бастаулары, экожүйе мен адам үшін суды үнемді пайдаланудың маңызы.
Мақсаты: оқушыларда Ақмола облысының өзендері туралы, олардың табиғи және шаруашылықтағы рөлі, соңғы жылдары су деңгейінің төмендеу себептері, су тасқынының өңірге әсері және су ресурстарын ұтымды әрі қауіпсіз пайдалану жолдары, соның ішінде халықты су тасқынынан қорғау шаралары жөнінде түсінік қалыптастыру.
«Астаналық су қоймасы – елорданың ауыз су көзі» (9–11 сыныптар): су қоймасының құрылу тарихы және елорданың сумен қамтамасыз етілуін қалыптастырудағы рөлі, адамның шаруашылық қызметінің су көлемі мен сапасына әсері, отбасы мен мектеп деңгейінде суды үнемдеудің практикалық шаралары.
Мақсаты: оқушыларда су қоймаларының өңірді сумен қамтамасыз етудегі маңызы туралы тұтас түсінік қалыптастыру, ағынды реттеу мен су тасқынының алдын алудағы стратегиялық рөлін ашу, сондай-ақ Астаналық су қоймасы мысалында халықты су тасқынынан қорғаудың негізгі шаралары мен ұтымды су пайдаланудың қағидаларымен таныстыру.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#СудыҮнемде