12.01.2026
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі болып табылады және білім алушыларды патриоттық және азаматтық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында білім беру ұйымдарында орындалады. Мектепте Мемлекеттік Гимнді орындау Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес әр дүйсенбі күні оқу сабақтары басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні салтанатты түрде орындалады.
Мақсаты:
білім алушылардың бойында патриоттық сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық бірлік сезімін дамыту.
Міндеттері:
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимніне құрметпен қарау дағдысын қалыптастыру;
– білім алушылардың патриоттық сезімі мен азаматтық ұстанымын дамыту;
– тәртіп пен ұйымшылдықты арттыру;
– мектеп дәстүрлері мен корпоративтік мәдениетті нығайту;
– оқу аптасының басына жағымды көңіл күй қалыптастыру.
Іс-шараға 1–11 сынып білім алушылары мен мектептің педагогикалық ұжымы қатысады.
Нәтижелері мен тиімділігі:
– білім алушылар мемлекеттік рәміздерге саналы әрі құрметпен қарауды көрсетеді;
– оқу аптасының басында тәртіп пен ұйымдасқандықтың артқаны байқалады;
– өз еліне деген мақтаныш сезімі мен Қазақстан Республикасының азаматтық қоғамына тиесілілік сезімі қалыптасады;
– іс-шара мектеп ұжымының бірлігін нығайтуға ықпал етеді.
Қорытынды:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін тұрақты түрде орындау – азаматтық-патриоттық тәрбиенің тиімді түрі болып табылады және алдағы уақытта жалғастыруға ұсынылады.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi