12.01.2026
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, мәдени мұраны сақтауға және білім алушылардың қазақ халқының дәстүрлеріне деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік-танымдық іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
– Қазақстан Республикасының ұлттық дәстүрлері мен мәдени мұрасына құрметпен қарауға тәрбиелеу;
– оқушылардың бойында патриоттық сезім мен ұлттық сана-сезімді қалыптастыру;
– ұлттық ойындарды халықтың рухани мұрасының бір бөлігі ретінде насихаттау.
Іс-шараның міндеттері:
– қазақ халқының ұлттық ойындары және олардың тарихи маңызы туралы білімдерін кеңейту;
– білім алушылардың физикалық, зияткерлік және коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
– командалық жұмыс, өзара көмек және адал ойын дағдыларын қалыптастыру;
– ұлттық ойын түрлері арқылы салауатты өмір салтына қызығушылықты арттыру;
– ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, халық дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту, бес тас және басқа да қазақ халқының ұлттық ойындарының тарихы мен маңызымен танысты. Шапшаңдықты, тапқырлықты және командалық рухты дамытуға бағытталған ойын тапсырмалары, сайыстар мен командалық жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шаралар белсенді әрі танымдық түрде өтіп, оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және достық атмосфераның нығаюына ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi