"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қалдықтарды бөлек жинау арқылы экологиялық мәдениет пен экономикалық ойлауды қалыптастыру»

12.01.2026

Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес, білім алушылардың экологиялық мәдениетін, экономикалық ойлауын және қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеу қағидаттарын енгізу арқылы ресурстарды ұтымды пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Қалдықтарды табысқа айналдырайық» атты іс-шаралар өткізілді.

Қойылған міндеттер: білім алушыларды қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу тұжырымдамасымен таныстыру; қалдықтардың қалай пайдалы ресурс пен табыс көзіне айналатынын түсіндіру; экологиялық жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; қоршаған ортаны қорғау саласында бастама көтеру мен шығармашылық ойлауды ынталандыру.

Іс-шара барысында білім алушылар қалдықтардың жиналу мәселелерін талқылап, оларды қайта өңдеу және қайта пайдалану бойынша практикалық мысалдармен танысты. Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды пайдалы материалдарға немесе табыс көздеріне айналдыру жолдары көрсетілді.

Іс-шара презентациялар мен бейнефильмдерді көрсету, қалдықтарды қайта өңдеу және бөлек жинау бойынша нақты жобаларды талқылаумен сүйемелденді. Білім алушылар ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттары мен экологиялық ізді азайту тәсілдері туралы білім алды.

Нәтижесінде білім алушылардың экологиялық және экономикалық сауаттылық деңгейі артты, қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеудің қоғам мен қоршаған орта үшін маңыздылығын түсіну қалыптасты. Өткізілген іс-шаралар экологиялық және әлеуметтік жауапты азаматтарды тәрбиелеуге, білім алушылардың экологиялық мәдениетін, экономикалық ойлауын, қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілігін қалыптастыруға және ресурстарды ұтымды пайдалану дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это изображение текст "යී Dakt 100 Средства Пищевые откады гигиены Прочее Стекло Манулатура Улаковка, загрязненная План нез Пищ ЗЕлЕнЫЙ питания синий СИНИИ/СЕТКА И/С Обезвреживоние A 0 9 размещение HO HO полигоне Пе пр нОвь"

Просмотров: 58


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст