"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасымызбен бірге оқимыз: қызықты әрі пайдалы қысқы демалыс»

06.01.2026

Қысқы демалысты кітаппен қызықты әрі мазмұнды өткіземіз!

Қысқы демалыс кезеңінде Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі КММ «№1 жалпы білім беретін мектебінің» кітапханашылары «Отбасымызбен бірге оқимыз» атты отбасыға арналған оқырмандық челлендж ұйымдастырды. Қатысушыларға бірлесіп оқуға кітап таңдап, өз әсерлерімен фотосурет, пікір немесе шағын әңгіме форматында бөлісу ұсынылды.

Тиімді әрі мазмұнды бос уақыт ұйымдастыру мақсатында «Қыста оқы, ойлан, арманда!» атты қысқы гайдбук ұсынылды, оған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалған көркем әдебиет тізімі кірді.

Мақсаты: оқуға тұрақты қызығушылық қалыптастыру, бірлескен отбасылық демалыс дәстүрін нығайту және оқушылардың оқырман мәдениетін дамыту.

Міндеттері:
– кітапқа және оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
– оқушылардың оқырман сауаттылығын және дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету;
– отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекетті нығайту;
– бірлескен отбасымен оқудың дәстүрін қалыптастыру;
– қысқы демалыс кезеңінде мазмұнды әрі пайдалы бос уақыт ұйымдастыру.

Оқушылар мен ата-аналар белсенділік пен қызығушылық танытты. Гайдбук қысқы демалысты тек пайдалы ғана емес, терең мағыналы өткізуге, демалыс пен рухани дамуды біріктіруге көмектеседі.

Мұндай форматтағы іс-шара кітапқа жағымды көзқарас қалыптастыруға, оқырмандық дағдыларды дамытуға және оқушылар отбасыларында жылы, достық атмосфераны құруға ықпал етті. «Отбасымызбен бірге оқимыз» челленджі қысқы демалыс кезеңінде отбасы тәрбиесі мен оқушылардың пайдалы демалысын ұйымдастыру формасы ретінде өз маңыздылығы мен тиімділігін көрсетті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi

Возможно, это иллюстрация (текст)
Возможно, это изображение учеба и текст
Возможно, это изображение текст ""ЧУДО "ЧУДО-ОСТРОВ" ОСТРОВ" 6- 6-11лет 11 лет чудо ОсТРОВ 色 အ် せを 速 一用 絵 [딸 CE САИН МУРАТБЕКОВ Цикая ЯБЛеНя Я ПМ dops Saps ลลงอจา 團"
Просмотров: 29


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст