30.12.2025
Қысқы демалыс – шығармашылық үшін тамаша уақыт! Қысқы демалыстың 2-күні «Жаңа жыл ғажайыптары» тақырыбына арналды. Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі КММ «№1 жалпы білім беретін мектебі» сынып жетекшілері оқушылар үшін «Жаңа жыл мерекелерінің тарихынан» атты танымдық викторина ұйымдастырып, өткізді. Бұл шара оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және әртүрлі елдердегі Жаңа жылды мерекелеудің мәдени дәстүрлеріне қызығушылық қалыптастыруға бағытталды.
Мақсаты: оқушылардың Жаңа жыл мерекелерінің тарихы мен дәстүрлеріне деген танымдық қызығушылығын кеңейту.
Міндеттері:
– Жаңа жыл мерекелерінің пайда болуы мен даму тарихы туралы түсінік қалыптастыру;
– Әртүрлі елдердегі Жаңа жылдың дәстүрлері мен символикасы туралы білімді кеңейту;
– Танымдық белсенділік пен логикалық ойлауды дамыту;
– Мәдени мұра мен дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;
– Қысқы демалыс кезеңінде оқушылардың мазмұнды әрі пайдалы бос уақытын ұйымдастыру.
Викторинада Жаңа жыл мерекелерінің тарихына, дәстүрлеріне, рәміздері мен әдет-ғұрыптарына арналған сұрақтар қамтылды. Көптеген көне халықтарда жасыл шырша мәңгілікпен, жастықпен, ұзақ өмірмен байланыстырылған. Ағаштың өзі өмірді бейнелейді. Тіпті оның бүрлері де ежелден өмірдің қайта жаңғыруының символы саналған. Сондықтан да шырша орнату Жаңа жыл мен Рождество мерекесін қарсы алудың басталуы болып табылады.
«Мейірімді Жаңа жыл» – бәрі жарқырап, ғажайыптар орын алып, армандар орындалатын, ертегі келіп, үйлерді жылу мен сыйлықтарға бөлеп, бақыт пен жаңа бастамаларға үміт сыйлайтын сиқырлы уақыт.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi