25.12.2025
Құрметті ата-аналар!
Қысқы каникулдар – балалар үшін демалыс, қуаныш пен отбасымен қарым-қатынасқа толы ұзақ күткен уақыт. Осы кезеңде балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету әсіресе маңызды. Сіздерге өтініш:
– балаларға үйде, көшеде, интернет желілерінде, жолда және қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық ережелерін еске салып отырыңыз;
– шана тебу, коньки, шаңғы тебу, сондай-ақ су айдындарының мұзында сақтық шараларын қадағалаңыз;
– суық ауа райында балалардың сыртта болу уақытын және 22.00 кейін (ересектерсіз) көшеде болуын бақылаңыз;
– күн тәртібін сақтау және шамадан тыс шаршаудың алдын алу;
– өрт қауіпсіздігі ережелерін және электр құралдарын абайлап қолдану ережелерін еске түсіру.
Қысқы каникулдар қызықты, көңілді және қауіпсіз өтсін, ал балалар мектепке демалып, жақсы көңіл-күймен оралып келсін. Балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліңіздер!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi