15.12.2025
Биология, химия және география декадасы аясында КӨБ «Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектеп, Ақмола облысы, Шортандық ауданы Білім бөлімі» биология пәнінің мұғалімі Кимасова Наталья Михайловна 10 «А» сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: «Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек трансплантациясы және диализ. Артықшылықтары мен кемшіліктері».
Сабақ барысында мұғалім оқушыларға маңызды тақырып бойынша білім бере алды, сабақты қызықты әрі тартымды етіп ұйымдастырып, белсенді әдістер мен жасанды интеллектті қолданды. Сабақ өте қызықты, танымды және жоғары деңгейде өтті. Оқушылар көптеген пайдалы ақпарат алды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi