" />
15.12.2025
КГУ «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөлімінің Жолымбет кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектебінде» биология, химия және география пәндері бойынша онкүндік өткізілуде.
Онкүндік аясында химия пәнінің мұғалімі Штоль Л.В. тоғызыншы сынып оқушыларына арналған ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «І топ элементтері және олардың қосылыстары».
Сабақ барысында педагог оқушылардың ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі белсенді әдістер мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы олардың қызығушылығын арттырды. Сабақтың мазмұны бай, құрылымы жоғары деңгейде ұйымдастырылды, бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігінің нәтижесі болды. Сабақ соңында оқушылардың атқарған жұмыстан қанағаттанғаны айқын байқалып, жағымды көңіл күймен аяқталды.