" />
04.12.2025
Балалар арасындағы буллинг және кибербуллинг – бұл әріптесіне зиян келтіруге бағытталған агрессивті мінез-құлықтың түрлері. Бұл екі түрдегі зорлық психикалық және эмоционалдық жағдайға айтарлықтай зиян келтіріп, баланың оқу көрсеткіштері мен әлеуметтік бейімделуіне әсер етуі мүмкін.
Балаларды буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыру және балалардың әртүрлі салалардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысы, Шортанды ауданы білім басқармасына қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де қауіпсіз және достық мектеп ортасын қалыптастыру жұмысы жүргізілуде.
Оқушыларда әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру аясында, «Өркен» Балалардың әл-ауқаты бойынша Ұлттық ғылыми-тәжірибелік институты ақпараттық плакаттар дайындап, ұсынылды. Барлық педагогикалық ұжымның (ЦППР, мектептің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, мектеп психологы, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері) жұмысы арқылы тиімді жүгіну және қолдау механизмі қамтамасыз етілген.
Сынып сағаттары, интерактивті сабақтар және әңгімелер өткізіліп, онда буллинг/кибербуллинг түрлері, оларды тану жолдары және әрекет ету ережелері қарастырылады. Стендте оқушылардың хабардарлығын арттыруға арналған ақпараттық материалдар орналастырылған.
Аталған шаралар қауіпсіз білім беру ортасын құруға, буллинг жағдайларын болдырмауға және сыйластық мәдениетін нығайтуға бағытталған.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyz