" />
"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жеке жетістіктер арқылы патриотизм: мектеп іс-шаралары»

04.12.2025

Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, Ақмола облысы, Шортанды ауданы білім басқармасына қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де оқушылардың патриотизмін қалыптастыруға арналған «Жетістігімді өз Отаныме арнаймын» / «Я посвящаю свой успех своей стране» атты іс-шаралар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жеке жетістіктердің ел дамуына қосатын үлесін түсіну арқылы патриотизмді қалыптастыру, ел болашағы үшін жауапкершілік сезімін дамыту және тұлғалық дамуға ұмтылысты ынталандыру.

Іс-шара барысында оқушыларға спорт, шығармашылық және қоғамдық қызметтегі жетістіктер туралы презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ әрбір азаматтың Қазақстанның дамуына қосатын үлесінің маңыздылығы түсіндірілді.

Оқушылармен интерактивті тапсырмалар өткізілді: өз мақсаттарын анықтау, «жетістік» пен «патриотизм» дегеніміз не деген тақырыптарды талқылау, жетістіктерді талдау және әр адамның елдің әл-ауқатындағы рөлін ойлау. Мысалы:

  • «Жетістік деген не?» – оқушылар «9 қадам жетістікке», «Мен – патриотпын», «Әр адамның үлесі», «Болашақ бейнесі», «Менің Отаным», «Менің елім ең… болуын қалаймын», «Мен еліме … үшін ризамын» тақырыптарына сүйене отырып өз ойларын ортаға салады.

Өткізілген іс-шара форматы азаматтық позицияны қалыптастыруға, одан әрі жетістіктерге ұмтылуға және өз елінің жетістіктеріне мақтаныш сезімін дамытуға ықпал етеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyz

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка и текст

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст

 

Просмотров: 13


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст