Текст
" />
01.12.2025
2025 жылғы 25-29 қараша аралығында Астанада ауыл мектептері үшін республикалық табиғи-математикалық бағыттағы олимпиаданың төртінші кезеңі өтті. Біздің мектептің 9 «Б» сынып оқушысы Герасимова Валерия олимпиадада биология пәнінен Ақмола облысын лайықты түрде танытты. Валерия – мектептің мақтанышы, III дәрежелі жүлдені жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін және білімге ұмтылысын көрсетті! Оның табандылығы, еңбегі және білімге деген ынтасы — біз үшін үлгі. Құттықтаймыз және жаңа биіктер тілейміз!