" />
01.12.2025
Білім басқармасының хатына сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі және Экономикалық тергеу департаменттерімен бірлесіп, 2025 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында барлық өңірлердегі мектептер мен колледждерде «Qarzhy Sagshysy» атты компьютерлік ойын өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерді қаржылық алаяқтық схемалары (қаржылық пирамидалар, дропперлік, цифрлық гигиена және т.б.) туралы хабардар ету. Мақсатты аудитория – 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері.
Ақмола облысы, Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқытушылары мен оқушылары аталмыш ойынға белсенді қатысып, 24-30 қараша аралығында мектеп компьютерлеріне ойындар жүктеліп, орнатылды: сілтеме.
Ойын оқушыларға құндылықтық бағдарларды, коммуникациялық дағдыларды, этикалық нормаларды және өз мінез-құлықтарын қалыптастыруға көмектеседі, бұл өз орындарын әлемде анықтауға қажетті.
Мақсат: оқушыларға қаржылық сауаттылықтың негізгі білімдерін беру; өз таңдауларына жауапкершілік сезімін қалыптастыру және қаржылық қауіпсіздік ойлау қабілетін дамыту, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру; қазіргі қаржылық жағдайларда болашақта тәуелсіз қызмет үшін практикалық дағдылар базасын жасау.
Ойын құрылымына оқу элементтері, тестілеу және мини-ойындар енгізілген. Ойын мазмұны төрт негізгі модульге бөлінген, олар оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып жасалған:
– «Қаржылық тәуекелдер»
– «Кибер алаяқтық»
– «Психологиялық қауіптер»
– «Қауіпсіз мінез-құлық модельдері»
Жалпы, жоба қаржылық әл-ауқат пен тұрақты дамудың маңыздылығына арналғандықтан, оқушылар ойынға қатысу барысында өз қорытындыларын жасап, алынған нәтижелерді түсіндіріп, негізгі нәтижелерді талдайды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy