Воспиталық жұмыс жоспарына және «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы Білім бөліміне қарасты КММ «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде» қазақтың көрнекті жазушысы, алғашқы қазақ романы «Бақытсыз Жамалдың» авторы, ақын, публицист, ағартушы, мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың (1885–1935) туғанына 140 жыл толуына орай іс-шаралар өткізілді.
Өткізілген іс-шаралардың мақсаты: оқушылардың М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, ұлттық мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу және Қазақстан тарихы мен әдебиетіне қызығушылық қалыптастыру.
Іс-шаралар танымдық және шығармашылық бағыттарды қамтыды:
– Міржақып Дулатовтың өмірі мен қызметі туралы презентация (өмірбаянының негізгі кезеңдері, қоғам қайраткері ретіндегі қызметі, «Алаш» қозғалысына қатысуы, әдеби мұрасының маңызы);
– жазушы шығармашылығына шолу ( «Бақытсыз Жамал» романы, публицистикалық еңбектері, өлеңдері және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы баяндамалар);
– кітаптар мен шығармашылық жұмыстардың виртуалды көрмесі.
Оқушылар жазушы тұлғасына үлкен қызығушылық пен құрмет танытты. Іс-шаралар мазмұнды, танымдық атмосферада өтіп, Міржақып Дулатовтың қазақ мәдениетіне, әдебиетіне және ұлттық сананың қалыптасуына қосқан үлесін терең түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар оқушыларды патриотизмге, тарихи өткенге құрметпен қарауға және Қазақстанның әдеби мұрасына құндылықпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzі