КППР жұмысы аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ата-аналар мен оқушыларға арналған «Бала қауіпсіздігі» тренингтік сабақтар бағдарламасы бойынша іс-шаралар өткізілді.
1-сабақ: «Мен неге болатынын, неге болмайтынын білемін!» – бұл сабақ оқушылардың мінез-құлық нормалары, қауіпсіздік ережелері және өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілігі туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға бағытталды.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының жеке шекаралар және зорлық-зомбылық түрлері туралы түсінігін қалыптастыру, зорлық әрекеттерін тануға және қауіпті немесе қолайсыз жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық модельдерін қалыптастыруға үйрету.
Міндеттері:
-
талқылау жүргізуге арналған қауіпсіз орта қалыптастыру және білімді ойын әдістері, жағдаяттарды модельдеу және жаттығулар арқылы бекіту;
-
қауіпсіздік пен зорлық-зомбылықты салыстыру мысалдары арқылы әртүрлі зорлық түрлерінің қаупін түсіндіру және қауіпті жағдайларды тануға үйрету;
-
жеке шекаралар және оларды бұзатын қатынастарды талқылау, сенімді түрде бас тарту, қорғану және көмек сұрау тәсілдерін көрсету;
-
зорлық-зомбылық немесе оның қаупі туындаған жағдайда қауіпсіз әрекет ету формаларын және қолдау алу алгоритмдерін үйрету.
Бағдарлама танымдық, интерактивті және ойын элементтерін қамтыды:
«Менің шекараларым – болады және болмайды»;
мини-сұрақнама «Мен не білемін?»;
инфозона: «Жеке шекаралар – менің сиқырлы қалқаным»;
«Болады – болмайды» ойыны;
кейс-ойын «Не істеу керек, егер…»;
«Стоп-суреттер» жаттығуы;
«Шекараңды бұзса не істеу керек» нұсқаулығы;
талқылауға арналған сұрақтар.
Күтілетін нәтиже:
-
мазасыздық пен қорқыныш сезімінің төмендеуі;
-
ересектерге деген сенімнің артуы және қорғалғандық сезімінің қалыптасуы;
-
өзін-өзі реттеу және эмоционалды интеллект дағдыларының дамуы;
-
зейіннің және оқуға деген мотивацияның жақсаруы;
-
өзін-өзі бағалау мен сенімділіктің нығаюы;
-
қауіпсіз шекаралардың қалыптасуы және көмек сұрай білу дағдылары;
-
қайта жарақаттанудың және зорлық сценарийлерінің алдын алу.
Сабақ барысында балалар отбасы ережелерімен бөлісіп, отбасылық дәстүрлері туралы айтты. Іс-шара белсенді және танымдық түрде өтті. Балалар қызығушылық танытып, талқылаулар мен ойындарға белсенді қатысып, қауіпсіз және жауапты мінез-құлықтың маңыздылығын жақсы түсінетінін көрсетті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzу