"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Лжетерроризмнің алдын алу: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру»

24.11.2025

Лжетерроризм – бұл адамдарға қауіп төндіретін террористік акт, жарылыс, өрт қою, кепілге адам алу немесе басқа да әрекеттер туралы көрінеу жалған ақпарат тарату. Ең бастысы: адам өз хабарламасының жалған екенін алдын ала біледі, бірақ соған қарамастан оны таратады.

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында, 17.11–21.11 аралығында Ақмола облысы білім басқармасы Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Лжетерроризм» тақырыбында бейнеролик көру ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға террористік актілер туралы жалған хабарлама берудің жауапкершілігі жөнінде түсінік қалыптастыру, құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Бейнематериалды көру барысында оқушылар лжетерроризм ұғымымен, оның қоғам мен жеке адамға тигізетін салдарымен танысты. Әсіресе террористік қауіп туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін қылмыстық жауапкершілікке назар аударылды, сондай-ақ мұндай әрекеттердің мемлекетке, шұғыл қызметтерге және азаматтарға келтіретін зияны түсіндірілді.

Талқылау барысында оқушылар осындай құқықбұзушылықтарға қатысты мысалдарды қарастырды, ойланбай жасалған әрекеттердің салдары, жауапты мінез-құлық пен заң талаптарын сақтау маңыздылығы туралы пікір алмасты. Негізгі назар лжетерроризмнің – әзіл емес, оның артында қатаң заңдық жауапкершілік тұрғаны айтылды.

Неліктен бұл өте маңызды?
Мұндай «әзілдер» шұғыл қызметтерді нақты қауіптерден алаңдатады, адамдар арасында үрей тудырады, мемлекетке материалдық шығын келтіреді (эвакуациялар, тексерістер, арнайы операциялар), ал кінәлілерге айыппұл, түзету жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Іс-шара оқушылардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетін арттыруға, байланыс құралдары мен әлеуметтік желілерді пайдалануда жауапкершілікті күшейтуге ықпал етті.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzу

 
Возможно, это изображение учеба и текст
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, карта и текст "Почему Почему я это сделал... S Это был CTO прикол... СООБЩЕНИЕ СООбЩЕНие-УЩЕРБГО УЩЕРБ ГОСУ я больше так не буду..."
Возможно, это изображение учеба и текст
 
Просмотров: 45


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст