24.11.2025
Smartbala «Startup» жобасы – мектеп оқушылары мен жастардың кәсіпкерлік және инновациялық дағдыларын дамытуға бағытталған білім беру бастамасы.
Аталған жоба аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде, Школьный парламент жұмысы барысында оқушылардың инновациялық ойлауын, шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған «Мен – кәсіпкермін» атты интеллектуалдық викторина өткізілді.
Негізгі мақсаттар:
Креативті ойлауды дамыту – жаңа идеяларды ойлап табу және стандартты емес шешімдер табу қабілеттерін қалыптастыру;
Кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру – стартап негіздерімен, бизнес-жоспарлау және жобаларды жүзеге асыру қадамдарымен таныстыру;
Топтық жұмыс және көшбасшылық – ынтымақтастық, коммуникация және идеяларды қорғау дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар стартап қызметінің негізгі ұғымдарымен, идеядан бастап оны жүзеге асыру кезеңдеріне дейінгі процеспен танысты. Қатысушылар проблемаларды талдау, идеялар генерациялау, командада жұмыс істеу және өз шешімдерін таныстыру дағдыларын дамытты.
Оқушылар өз идеяларын әзірлеп, мақсатты аудиторияны анықтап, қажеттіліктерді талдады, қарапайым бизнес-модельдер мен стартапты ілгерілету жолдарын ойластырды.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың бастамашылдық, креативті ойлау дағдыларын дамытуға, жауапкершілікті арттыруға және идеяларды өмірде жүзеге асыру қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyz