"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жүректерді тербеген әуен: Жолымбетте Шәмші Қалдаяқов әндер фестивалі өтті

14.11.2025

Биыл қазақтың ұлы композиторы, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толды.

Осы мерейлі дата аясында Жолымбет кентіндегі КММ «Досуговый центр» мекемесінде, Жолымбет кенті мен Новоселовка ауылы тұрғындарының қатысуымен «Сағындырған әндер-ай» атты ән байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:
Жолымбет кенті мен Новоселовка ауылы тұрғындарының шығармашылық және мәдени белсенділігін арттыру, вокалдық өнерге деген қызығушылығын күшейту, ауылдастардың талантын ашу және оларды түрлі байқаулар мен іс-шараларға тұрақты қатысуға тарту.

Байқаудың міндеттері:

  • өскелең ұрпақты эстетикалық және мәдени тұрғыда тәрбиелеу;

  • шығармашылық идеялар алмасу;

  • шығармашылық ұжымдармен танысу;

  • қатысушылар арасында шығармашылық байланыс орнату;

  • халықтық (ұлттық) және заманауи вокалдық музыканы дәріптеу және насихаттау;

  • жастар мен ересектердің шығармашылық әлеуетін дамыту.

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөліміне қарасты Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беру мектебінің педагогтары мен оқушылары аталған шараға белсене қатысып, «Кешікпей келем деген ең» атты музыкалық композиция орындап, 1-орынды иеленді.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
Жаңа шығармашылық табыстар тілейміз.


#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyz

Возможно, это изображение текст

Возможно, это изображение отрывной талон, деньги и текст

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст

Просмотров: 3


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст