14.11.2025
Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ мектеп кітапханасында ұлттық валюта күніне арналған іс-шара өткізілді.
Мақсаты: ұлттық валютаның пайда болу тарихы, теңгенің ел экономикасындағы және әр адамның өміріндегі рөлі мен мәні туралы айту, осы күннің тарихи маңыздылығын атап өту, қазақстандық патриотизмді және Отанға сүйіспеншілікті тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету.
Кітапханашылар қатысушыларға қазақстандық теңгенің туу тарихы мен елдегі одан әрі дамуы туралы әңгімелеп берді. Ақша тек отбасының тұрмыс деңгейін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің әл-ауқатын да анықтайтыны айтылды.
Қатысушылармен «Өз ойыңды тап» ойыны ойналды. Ұлттық валютаға арналған танымдық кубпен ойнап, пазлдарды жинау, ел мен валютаны сәйкестендіру, «Шешіп, түсіндір» интеллектуалдық тапсырмаларын орындау мүмкіндігі берілді. Сондай-ақ айналымда жоқ ақшалар мен нейросетілер ұсынған «Болашақ ақшалары» қарастырылды. Барлық қатысушылар іс-шараға қызығушылықпен қатысты.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzу



