"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жол қауіпсіздігі – бәріміздің ортақ міндетіміз»

14.11.2025

Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күні аталып өтеді.
10–16 қараша аралығында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» атты республикалық акция өтуде.

Аталған Акцияның мақсаты – жолдарда орын алатын өлім-жітім мен жарақат алу деңгейіне қоғам назарын аудару, апаттардың алдын алу, жолдағы құқықбұзушылықтарға қарсы күресті күшейту, жол қозғалысына қатысушылардың саналы мәдениетін қалыптастыру, өзара құрмет пен қауіпсіздік ережелерін сақтау идеяларын қолдауға қоғам тарапынан кең қолдау туғызу, жүргізушілер мәдениетін арттыру.

Профилактикалық жұмысты жүргізу мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: әңгімелер/дәрістер,
жол қозғалысы ережелеріне арналған бейнероликтер көрсету,
викториналар/квесттер, «Жол – қауіпсіздік пен естелік жолы» атты жадынамалар тарату, «Есте сақта және ойлан» сурет/эссе байқаулары. Бұл іс-шаралар оқушылардың жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыруға және жол қозғалысы ережелерін сақтауға бағытталды.

Іс-шаралар барысында жолдың жүріс бөлігіндегі мінез-құлық ережелері, жарық шағылыстырғыш элементтерді тағудың қажеттілігі, көшені қауіпсіз кесіп өту дағдылары, жол белгілерінің маңызы қарастырылды. Оқушылар жол қозғалысы ережелерін жақсы меңгергендерін және жолдағы қауіпсіздік маңыздылығын түсінетіндерін көрсетті. Өткізілген іс-шаралар оқушылардың тәртібін нығайтуға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.

Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzу

Просмотров: 204


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст