14.11.2025
16 қараша – Халықаралық толеранттылық күні.
Бұл мереке толеранттылық туралы хабардарлықты арттыру, басқа адамдарға, олардың пікірлеріне, көзқарастарына және мәдени дәстүрлеріне құрметпен қарау мен төзімділікке тәрбиелеу мақсатында аталып өтеді. «Қамқор» жобасын іске асыру аясында және білім алушыларда ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін, ізгілік пен түрлі ұлт өкілдеріне құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Халықаралық толеранттылық күніне орай «Толеранттылық мерекесі», «Мейірімділік керуені» атты іс-шаралар өтті. Бұл іс-шаралар оқушылардың бейбітшілік, достық және өзара құрметтің маңыздылығын түсінуіне бағытталды.
Өткізілген іс-шаралар барысында «толеранттылық», «мейірімділік», «өзара көмек» ұғымдары қарастырылып, өмірден алынған мысалдар келтірілді. «Мейірімділік керуені» акциясы аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетілді, сондай-ақ оқушылар қайырымды істерге қатысты: сыныптастарына көмектесті, бастауыш сынып оқушыларына қамқорлық танытты.
Жүргізілген іс-шаралар білім алушылардың ізгілікті қарым-қатынастарын, өзгелерге деген құрметін және қоғамдағы бейбітшілік пен келісімнің негізі ретінде толеранттылықтың маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға ықпал етеді. Мейірімділік пен толеранттылық әр адамнан адамға таралуы тиіс.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzу