14.11.2025
Экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу, сондай-ақ білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен жауапты мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында 10.11–14.11 аралығында Ақмола облысы білім басқармасы Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Жалған профиль» атты бейнероликті көру ұйымдастырылды.
Көрсетілім барысында бейнероликтің мазмұны талқыланып, оқушылар әлеуметтік желілер арқылы жүргізілетін манипуляциялар мен вербовка тәсілдерінің мысалдарымен танысты. Жалған аккаунттарды және қауіпсіз емес интернет-таныстықтарды анықтау жолдары түсіндірілді.
Интернет желісінде қауіпсіз қарым-қатынас жасау мәселелеріне, күмәнді жағдайлар туындаған кезде ата-аналар мен педагогтармен ашық және сенімді байланыста болудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың онлайн ортадағы экстремистік ұйымдардың әрекеттеріне қатысты қауіп-қатерлер жөніндегі хабардарлығын арттыруға және цифрлық кеңістікте қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_акimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy