"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан теңгесінің тарихы»

12.11.2025

15 қараша — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні

15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні аталып өтеді. Бұл мереке жыл сайын 1993 жылы ұлттық валюта — теңге айналымға енгізілген күнге орай тойланады. Теңге күні сонымен қатар қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады — банк, қаржы мекемелері мен экономикалық құрылымдардың қызметкерлері осы күні өз кәсібін атап өтеді.

Оқушылардың патриоттық сезімін, экономикалық сауаттылығын және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына қызығушылығын арттыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде «Қазақстан теңгесінің тарихы», «Тұрақтылық пен тәуелсіздіктің нышандары», «Менің елім – менің теңгем», «Ұлттық валюта – тәуелсіздік символы» атты ақпараттық сағаттар мен танымдық викториналар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар ұлттық валютаның енгізілу кезеңдерімен, оның атауы мен дизайнын таңдаудан бастап айналымға енгізілуіне дейінгі тарихымен, теңгенің нышандары, алғашқы банкноттар мен монеталар, Қазақстан экономикасындағы рөлі және әрбір азамат үшін маңызы, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық банкінің қызметімен танысты.

Өткізілген іс-шаралар барысында оқушылар еліміздің экономикалық тарихына деген үлкен қызығушылық пен жақсы білімдерін көрсетті. Бұл іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің маңызды нышаны екенін түсінуге ықпал етті.


#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy

 
Возможно, это изображение учеба и детская игрушка
 
Возможно, это изображение учеба и детская игрушка
Возможно, это изображение деньги и текст "году соддана спеигруппа изайнеров: Мендыбай Алин, Касымов, имсаль Дуэсльханов, Тимур TeHrE лащиты. менно оутомку нгЕсчитстея Мендыбай Алин Доебол Касымое Агимсалы Дуэельхноо Тимур улейменой ноября 1993 Габжкагилов вышел внедении национальной Президента Республики птааные ноября Республики Казахстан" Срепнальнный цвета 1xI перезоде απнй паблкидаются празднует День нацвнальной: валотт республики наздите 포,10점 тенге, яалятощаеся прапакон уперенитета осударства. Перазнанчальный устинонвен расчета- CHrC един длир CHIA. обзенивалси куроу 500 советским Свше мловрах, очерель, ПИБНО "ደር" ICTHI" "паля" пвсае пазванее pyocsoli кождеты みご知だよ "зныый". рубей СССР Производетно национальной валюты британским фирмам "Харрисон сыновья" *ToMac, Делиру" и испецнальную бумагу для тенге Казаястаневий считается последни: ВаЕкУт мире, TaK"
Возможно, это изображение деньги и текст
Возможно, это изображение учеба и текст
Просмотров: 80


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст