"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ойынға салауатты көзқарас»

12.11.2025

Ойынға тәуелділік адамның физикалық және психикалық денсаулығына, сондай-ақ оның әлеуметтік өміріне — қаржылық күйреуге, жұмысынан айырылуға және қарым-қатынастардың бұзылуына әкелетін зиянды салдарға ие. Физикалық мәселелерге ұйқының, көрудің, тәбеттің бұзылуы мен буындардың ауыруы жатса, психологиялық тұрғыда — депрессия, мазасыздық және шынайылықпен байланыстың жоғалуы байқалады.

«Ойынға салауатты көзқарас» / «Здоровый подход к игре», «Құмарлыққа берілме» атты салауатты өмір салтын және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде «Ойынға тәуелділіктің теріс салдары» атты іс-шаралар өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: оқушылардың компьютерлік және мобильді ойындарға шамадан тыс әуестенудің денсаулыққа, оқу үлгеріміне және тұлғааралық қатынастарға зиянды әсері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Іс-шара барысында ойынға тәуелділіктің пайда болу себептері, белгілері және оның алдын алу жолдарын ашып көрсететін әңгімелер, пікірталастар, сондай-ақ презентациялар мен бейнероликтер қаралды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды, өмірден алынған мысалдар келтірді және бос уақытты тиімді өткізудің жолдарын ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша оқушылар гаджеттерді орынды пайдалану, тірі қарым-қатынастың, спорт пен шығармашылықтың виртуалды ойындарға балама ретіндегі маңыздылығын түсінді.

«Мен шынайы өмірді таңдаймын» – өзін-өзі бақылау мен цифрлық технологияларды жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған акция.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy

Возможно, это изображение учеба и текст

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст

Возможно, это изображение учеба и текст

Просмотров: 71


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст