07.11.2025
Оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Мен – жауапты азаматпын» атты викториналар өткізілді.
Іс-шараға 7–10-сынып оқушылары қатысты. Викторинаның мақсаты – оқушылардың өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын дамыту, белсенді азаматтық ұстанымды және Отанға деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер, Конституция, тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен жетістіктері туралы білімдерін бекіту.
Оқушылар жоғары белсенділік танытып, өздерінің эрудициясын көрсетті, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, жақсы білімдерін паш етті. Іс-шара барысында ұйымшылдық пен жауапкершілік сезімі байқалды.
Іс-шараның соңында қорытынды жасалып, ең белсенді қатысушылар марапатталды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, танымдық қызығушылығын дамытуға, мемлекет туралы білімдерін кеңейтуге, азаматтық міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға және елге деген патриоттық мақтаныш сезімін нығайтуға ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyz