"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мамандықтар әлемі: болашаққа қадам».

07.11.2025

Қазіргі әлемде мамандық – мақсат емес, жеке әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің құралы болып табылады. Тиімді кәсіби бағдар беру жүйесі оқушыларға өз қабілеттерін, қызығушылықтарын, құндылықтарын және тұлғалық ерекшеліктерін жақсы түсінуге көмектеседі, еңбек нарығы туралы өзекті ақпаратпен таныстырады, сондай-ақ шешім қабылдау әдістерін үйретеді, бұл өз кезегінде олардың саналы түрде кәсіби дамуын жоспарлауға және өзін-өзі анықтау барысында туындайтын қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді.

«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Мамандықтар әлемі», «Кәсіби білім беру. Өзін-өзі білім алуды және дамытуды жоспарлау дағдылары» тақырыптарында, кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес, Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кенті №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтері-бағдар берушілер кәсіби бағдар беру сағаттарын өткізді: бастауыш буында – «Ата-аналарымыздың мамандықтары», орта буында – «Болашақ кәсіби қызметке өзіңді қалай дайындау керек?».

Тұлғаның әрбір жас ерекшелігіне қарай кәсіби бағдар беру мен өзін-өзі анықтау үдерісі өзіндік ерекшелікке ие. Кәсіби бағдар беру сабақтарының мазмұны мен құрылымы оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:

  • мамандықтар әлемінің алуан түрлілігімен таныстыру;

  • әр түрлі мамандық иелерінің еңбегі туралы жалпы мағлұмат беру;

  • оқу мен еңбекке қызығушылық пен уәждеме қалыптастыру;

  • интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, табандылыққа, өз және өзгенің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Мамандықтар әлемімен танысу барысында оқушылар мамандардың еңбек ету жағдайларымен және еңбек құралдарымен танысты. Қарастырылған сұрақтар: Мамандық деген не? Кім болуды армандайсың? Ата-анаңның мамандығы қандай? Сол мамандықты игеру үшін қандай білім қажет?

Мақсатты түрде жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмысы оқушыларға болашақ мамандық пен мансаптық бағыттарды зерттеуге мүмкіндік береді және олардың ертеңгі күнге деген сенімділігін қалыптастыруға ықпал етеді.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст

 

Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст

Просмотров: 41


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст