06.11.2025
«Халықтар мен мемлекеттердің ғасырлық тәжірибесі және қарапайым, бірақ орынды ақыл… көрсетіп отыр: тек табиғатпен үйлесімде жасалған іс қана берік те тұрақты, өміршең және болашағы бар…»
Оқушылардың экологиялық тәрбиесін дамыту және «Қамқор» / «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» жобасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде» «Біздің айналамыздағы экология» атты іс-шаралар өткізілді.
Мектептегі экологиялық тәрбиенің басты мақсаты – оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру және дамыту, қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің қазіргі жағдайын түсінетін, экологиялық мәселелерді шешу әдістері мен жолдарын білетін ұрпақты тәрбиелеу.
Экологиялық тәрбиенің міндеттері:
– әлем және қазіргі заман экологиясының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы білім жүйесін қалыптастыру;
– экологиялық мінез-құлық, салауатты өмір салтына қатысты уәждер, қажеттіліктер мен дағдыларды дамыту;
– қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланысты тануға және сол бойынша білім іздеу, игеру қабілеттерін қалыптастыру;
– өз экологиялық әрекеттерін және табиғатпен қарым-қатынас процесін талдай алу, яғни экологиялық рефлексия дағдыларын дамыту;
– қоршаған ортаны зерттеу, бағалау және жақсарту бойынша теориялық және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру;
– экологиялық тұлғалық қасиеттерді дамыту: жаңа экологиялық білім алуға және бар білімді жетілдіруге ұмтылыс, экологиялық мінез-құлық ережелерін сақтау, салауатты өмір салтын ұстану және т.б.;
– қоршаған ортаны жақсартуға байланысты білім, іскерлік және дағдыларды жетілдіру.
Іс-шара барысында оқушылар назарына қоршаған ортаның ластану мәселелері мен табиғи ресурстарды сақтау жолдары туралы презентация мен викторина ұсынылды. Балалар табиғат туралы білімдерін және оны қорғау тәсілдерін тексеруге мүмкіндік алды.
Қоғамның және әрбір азаматтың экологиялық мәдениет деңгейіне табиғатты сақтау, адамзаттың өмір сүруі, Қазақстанның тұрақты даму стратегиясын табысты жүзеге асыру және биосфераның экологиялық тепе-теңдігін сақтауда еліміздің экологиялық донор ретіндегі рөлін нығайту тікелей байланысты.
Бұл іс-шара оқушылардың экологиялық санасын, жауапкершілігін және белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға ықпал етті.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy