Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы (АҚКО) – ата-аналардың құзыреттілігін арттыруға және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ететін маңызды ресурс болып табылады.
АҚКО жұмысы аясында, әзірленген жоспарға және Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде» ата-аналар мен оқушыларға арналған тренингтік сабақтар бағдарламасының 2-модулі бойынша іс-шаралар өткізілді. Модуль тақырыбы: «Баланың қауіпсіздігі» / «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ: шекараңды біл, өзіңді қорғай біл!»
Мақсаты: жасөспірімдерде зорлық-зомбылық мәселесіне саналы көзқарас қалыптастыру, жеке шекараның маңызын түсіндіру және оны күнделікті өмірде қорғай білу дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
– қауіпсіздік пен зорлық-зомбылық ұғымдарын салыстыру арқылы түрлі зорлық түрлерінің қаупін көрсету және қауіпті жағдайларды ажыратуға үйрету;
– жеке шекаралар мен оларды бұзатын қарым-қатынастарды талқылау;
– бас тарту, қорғану және көмек сұраудың тиімді тәсілдерімен таныстыру;
– қауіпті жағдайларды тану және оларды дұрыс белгілеу дағдыларын қалыптастыру;
– зорлық немесе оның қаупі туындаған кезде қауіпсіз әрекет ету мен көмекке жүгіну алгоритмдерін үйрету.
Күтілетін нәтиже:
– мазасыздық пен қорқыныш сезімін төмендету;
– ересектерге деген сенімділікті қалпына келтіру және қорғаныш сезімін қалыптастыру;
– өзін-өзі реттеу мен эмоционалдық интеллектіні дамыту;
– оқу мотивациясын және зейінді жақсарту;
– өзін-өзі бағалау мен сенімділікті арттыру;
– қауіпсіз жеке шекаралар мен көмек сұрай білу қабілетін қалыптастыру.
«Жақсылыққа толы сөз – сенім ұялатады.
Жақсылыққа толы ой – тереңдік береді.
Жақсылыққа толы іс – махаббат тудырады.
Адам бар жерде – жақсылық жасауға мүмкіндік бар…»
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy