Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша әзірленген жоспарға сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде» Жолымбет кентінің учаскелік инспекторы Самбетов Ж.Д. қатысуымен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: «Темекі – өмірге төнген қауіп».
Мақсаты: оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу.
Негізгі міндеттері:
– оқушыларды темекі өнімдерін тұтынудың жағымсыз салдарларымен таныстыру;
– никотиннің жасөспірім ағзасына әсері туралы хабардарлық деңгейін арттыру;
– жауапты әрі салауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру;
– оқушыларды зиянды әдеттерден бас тартуға және өз денсаулығын сақтауға ынталандыру.
Кездесу барысында темекі өнімдерін қолданудың құқықтық және әлеуметтік салдарларына ерекше назар аударылды, сондай-ақ шылым шегудің жастардың өмірі мен денсаулығына тигізетін нақты теріс әсерлері туралы мысалдар келтірілді.
Оқушылар талқылауға белсене қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Мұндай кездесулер оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыруға және салауатты өмір салтының құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#bilim_bolimi_shortandy
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy