04.11.2025
Тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты КММ «Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде» жол қозғалысы ережелерін (жолды қауіпсіз кесіп өту) қалыптастыру мақсатында «Көшемен және жолмен танысу» / «Біздің көмекшіміз – жаяу жүргінші өткелі» атты іс-шаралар өтті.
Іс-шара барысында келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
жолды тек жаяу жүргінші өткелінен өту; бағдаршамды пайдалану; жолдан өтер алдында «Тоқта – қара – тыңда – ойлан» ережесін сақтау және т.б.
Балалар келесі жағдайлармен танысты:
Жолды тек жаяу жүргінші өткелінен өтіңіздер.
Бағдаршамды пайдаланыңыздар: жолды тек жаяу жүргіншіге арналған жасыл шам жанғанда өтіңіздер. Егер бағдаршам болмаса, көліктік бағдаршамның белгілеріне назар аударыңыздар.
«Тоқта – қара – тыңда – ойлан» ережесін сақтаңыздар:
Тоқта: жолдың жиегінде тоқтаңыз;
Қара: барлық көліктердің тоқтағанына және жүргізушілердің сізді көретініне көз жеткізіңіз;
Тыңда: жақындап келе жатқан көліктердің дыбысына құлақ түріңіз;
Ойлан: жолдан қауіпсіз өтуге уақытыңыз жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
Әуелі солға, кейін оңға қараңыздар: жолдың ортасына жеткенде оң жаққа қараңыздар.
Тротуармен қозғалыңыздар, ал егер ол болмаса, жолдың шеткі жағымен, көлік қозғалысына қарсы бағытта жүріңіздер.
Қараңғы уақытта қауіпсіздік: жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдаланыңыздар.
Оқушылар келесі негізгі ұғымдармен танысты:
жаяу жүргінші, тротуар, жол бөлігі (проезжая часть), жол жиегі (обочина), бағдаршам, жол белгілері.
Бұл ережелерді сақтау – көшеде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy

