"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заң және менің құқықтарым».

03.11.2025

Бала құқықтары – оның дамуының негізі, ал міндеттері қоғамда тәртіп пен өзара құрметті сақтауға көмектеседі. «Қауіпсіздік сабақтары» аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Заң және менің құқықтарым» тақырыбында бірыңғай интерактивті сабақтар өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, жауапкершілік пен өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасты дамыту.

Оқушылардың назарына Конституция мен Бала құқықтары туралы конвенцияға сәйкес баланың құқықтары (өмір сүру, білім алу, қорғану құқығы) туралы слайдтар, интерактивті элементтер (сұрақтар, тесттер, жағдайлық тапсырмалар), сондай-ақ 2025 жылғы жаңа заңдар бойынша (балалар құқықтарын қорғау туралы) ақпарат пен оқушылардың міндеттері (басқалардың

құрметтеу, заңдар мен мемлекеттік рәміздерді сақтау) ұсынылды.

Сабақ барысында келесі тақырыптар талқыланды:

  • Құқық дегеніміз не?

  • ҚР негізгі құқықтық құжаттары;

  • «Менің мектептегі және өмірдегі құқықтарым»;

  • «Менің міндеттерім»;

  • «Құқықтарды қорғау» (Құқық бұзылған жағдайда кім көмек көрсете алады?);

  • «Құқық және жас ерекшелігі» (Бала қашан өздігінен шешім қабылдай алады?).

Құқықтық жағдайларды талдау және шешу жолдарын іздеу арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеті мен құқықтық талдау дағдылары дамиды.
Бала кезден бастап заңды білу – сенімді, жауапты және заңға бағынатын Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеудің берік негізі болып табылады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy

Просмотров: 67


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст