03.11.2025
Күзгі каникулдың 7-күні – Отбасылық дәстүрлер күні. Бұл күн ортақ әдет-ғұрыптар мен іс-шаралар арқылы отбасылық байланыстарды нығайтуға арналды. Отбасылық дәстүрлер – бұл ұрпақтан ұрпаққа берілетін ережелер, көзқарастар, әдеттер мен мінез-құлық үлгілері.
Күзгі каникул кезеңінде әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де келесі іс-шаралар өткізілді:
оқушылар назарына «Отбасылық күнделік» атты презентациялар ұсынылды; «Отбасылық кинотеатр» челленджі өткізілді; «Ата-анама 20 жылдан кейінгі хат» атты эссе жазу ұйымдастырылды.
Өткізілген іс-шаралардың мақсаты – отбасылық дәстүрлердің маңыздылығын арттыру, отбасы мүшелерін біріктіріп, тұрақтылық пен қауіпсіздік сезімін қалыптастыру.
Мектепте келесі дәстүрлер көрсетілді: туған күндерді, Жаңа жылды бірге тойлау, отбасылық кеңес өткізу, бірлескен саяхаттар мен фильм қарау, ұйықтар алдында ертегі оқу және т.б.
Отбасылық дәстүрлер әрбір мүшенің өз маңыздылығын сезінуіне, жақындарына қамқорлық пен сүйіспеншілік танытуына, туыстарына уақыт бөлуіне мүмкіндік береді. Осылайша, балаларда үлкендерге деген құрмет, отбасы тұрақтылығының маңызы мен өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптасады.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy







