03.11.2025
Күзгі демалыстың 6-күні – Қазақ әдебиеті мен мәдениеті күні
«Жақсылыққа үйрететін кітаптар»
Қазақ әдебиеті әрқашан жоғары бағаланып, үлкен сұранысқа ие. Қазақстандық жазушылардың классикалық шығармалары тек қызықты оқиғалар желісімен ғана емес, сонымен қатар тіл байлығын арттырып, көркем сөз өрнектері мен фразеологизмдердің молдығымен де ерекшеленеді.
Оқу мәдениетін насихаттау және қазақ авторларының шығармалары арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мақсатында, Ақмола облысы Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты КГУ «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебі» кітапханашылары мен сынып жетекшілері бірлесіп бірқатар іс-шаралар өткізді.
Оқушылар назарына келесі іс-шаралар ұсынылды:
«Қазақстан жазушылары – балаларға» атты презентациялар мен бейнероликтер;
Қазақстан мен әлем музейлеріне арналған виртуалды экскурсиялар;
«Менің сүйікті қазақ жазушымның шығармасы» атты челлендж;
Отбасылық оқу, «Өз қолымен жазушы», «Ең үздік кітап блогері» атты жобалар.
Мақсаттар мен міндеттер:
оқушылардың мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін дамыту;
қазақ әдебиетінің классикалық және заманауи туындыларын талқылау арқылы рухани және мәдени құндылықтарға баулу;
кітап оқуға қызығушылықты арттыру және оқырман мәдениетін қалыптастыру.
📖 Оқуға ұсынылатын кітаптар:
Абай Құнанбайұлы – «Қара сөздер» — өмір мен адамгершілік туралы философиялық толғаныстар жинағы;
Қайрат Жолдыбайұлы – «Кемел адам» — тұлғалық даму мен рухани жетілу мәселелерін қозғайтын туынды;
Дулат Исабеков – «Гауһар тас» — мейірімділік пен адамдық қасиеттерге толы повесть;
Сәбит Мұқанов – «Ботагөз»;
Ілияс Есенберлин – «Алтын Орда»;
Сәкен Сейфуллин – «Тар жол, тайғақ кешу» және басқа да шығармалар.
Кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілетін, зейін мен сыни ойлауды дамытады, күйзелісті азайтады және рухани байлыққа жетелейді.
Кітап — білім мен мейірімнің, шабыт пен ізгіліктің қайнар көзі!
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy






