"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ата дәстүр – ұлт қазынасы».

31.10.2025

Күзгі демалыстың 5-күні – Отбасылық құндылықтар күні «Ата дәстүр – асыл қазына». Бұл күн – отбасы мен некенің маңыздылығын, сондай-ақ әр адамның өміріндегі отбасылық құндылықтардың негізгі рөлін еске салу күні болып табылады.

Негізгі мақсаттар:

  • Отбасыны нығайту – қоғамның негізі болып табылатын отбасы институтын күшейту;

  • Дәстүрді сақтау – отбасылық, мәдени және рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу және сақтау;

  • Отбасының маңызын арттыру – қазіргі қоғамдағы отбасының рөлін айқындау және нығайту.

Міндеттер:

  • Құрмет тәрбиелеу – жас ұрпақтың ата-аналарға, әжелер мен аталарға және басқа туыстарға деген сыйластық қарым-қатынасын қалыптастыру;

  • Құндылықтарды дәріптеу – сүйіспеншілік, сыйластық, өзара көмек пен адалдық сияқты дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау;

  • Отбасына қолдау көрсету – әр отбасы мүшесі сүйіспеншілік пен қолдауды сезінетін, эмоционалды жайлылыққа ие орта құру.

Отбасы институтын нығайту, оның қоғамдағы рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында
КГУ «Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде» келесі іс-шаралар өтті:

  • Аналар мен әжелердің қатысуымен өткен аспаздық жәрмеңке «Бауырсақ-PARTY»;

  • Ата-әжелерден дәстүр сабағы «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге»;

  • ЦППР жұмысы аясында 10–11 сынып оқушылары мен ата-аналарға арналған бірлескен тренинг-сабақ «Біз сөйлесуді үйренеміз».

Бұл іс-шаралар жас ұрпақты патриотизмге, ізгілікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеудің маңыздылығын айқындайды.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy

 
 
Просмотров: 19

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст