 
                                
             31.10.2025
                31.10.2025
        Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Кітапхана, кітап, мен – адал достармыз» атты іс-шара өтті.
Оқушылар түрлі-түсті, әдемі кітаптарды қызығушылықпен қарап, кітап сөрелерінде қаншама түрлі кітап «тұратынына» таң қалды. Кітапхананың ережелерімен және кітаппен дұрыс жұмыс істеу тәртібімен танысты. Сондай-ақ әр кітаптың өз «кітап мекенжайы» бар екенін, кез келген кітапты үйге уақытша алуға болатынын, бірақ оны пайдалану ережелерін сақтау қажет екенін білді.
Балалар өздеріне ұнаған журналдар мен кітаптарды сөрелерден алып, парақтап, суреттерін тамашалады. Жұмбақтар шешіп, сұрақтарға жауап берді. Іс-шара барысында қызықты ойындар ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында кітапханашылар балаларға кітаптармен жаңа және қызықты кездесулер тіледі, шағын сыйлықтар табыстап, оларды мектеп кітапханасына жиі келіп тұруға шақырды.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy