30.10.2025
Күзгі каникулдың екінші күні – экологиялық білім күні «Табиғат пен болашаққа қамқорлық», «Таза Қазақстан» жобасы аясында өтті.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа жауапты көзқарасты қалыптастыру және экологиялық мәселелерді талқылау мақсатында, Ақмола облысы Білім басқармасының Шортанды ауданы Білім бөлімінің Жолымбет ауылы №1 орта мектебінде түрлі іс-шаралар өткізілді:
ойын-саяхат «Сенің, менің, біздің Қазақстан», танымдық сағат «Экологиялық калейдоскоп», «Күзгі табиғаттың ғажайыптары», экологиялық сағат «Жердегі сенің ізің», экскурсия «Бұл жер – сенің және менің жерім», сондай-ақ экологиялық акция «Таза планета» (пластиктің екінші өмірі).
Іс-шаралар әртүрлі форматта өтті: онлайн, дәріс, әңгіме, презентациялар мен бейнероликтер көрсету, викторина, квест-ойын және т.б.
Мақсаттары мен міндеттері:
қоршаған ортаның жағдайы туралы экологиялық сауаттылықты арттыру;
табиғат пен қоршаған ортаға саналы қатынасты қалыптастыру;
экологиялық білімді насихаттау.
Талқыланған мәселелер: өзекті экологиялық проблемалар, оларды шешу жолдарын іздеу, табиғатты қорғаудың маңыздылығына назар аудару. Мысалы, ластану, климаттың өзгеруі, биоәртүрліліктің азаюы сияқты экологиялық қауіптер.
Негізгі мақсат – әр адамның бойында табиғатқа деген жауапкершілік сезімін оятып, экологиялық сананы қалыптастыру. Мұндай іс-шаралар табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану қажеттілігін және барлығымыз үшін қауіпсіз әрі салауатты болашақты қамтамасыз ету мақсатында табиғатты қорғаудың маңыздылығын еске салады.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Kurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurkenshakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy