"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сақ болуға үйренеміз: күн сайынғы қауіпсіздік».

27.10.2025

Күзгі каникул кезінде бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақмола облысы Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты КГУ «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектебінде» түрлі іс-шаралар өтуде.
1-күннің тақырыбы – «Мен және менің қауіпсіздігім».
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар аясында келесі бейнероликтер, презентациялар және ақпараттық парақшалар дайындалып, оқушылардың назарына ұсынылды:
«Қауіпсіздік баспалдағы», «Қауіпсіздігің А-дан Я-ға дейін», «Қауіпсіз күзгі каникул», «Жаяу жүргінші әліппесі», «Егер сен үйде жалғыз болсаң», «Интернеттегі қауіпсіздік», «Қауіпсіздік туралы».

«Қауіпсіздік баспалдағы» тақырыбы қарастырылды:

  • Бірінші баспалдақ – абай бол: айналада не болып жатқанын бақыла; жолдан өткенде немесе баспалдақпен жүргенде алаңдама; жолдың жанында ойнама.

  • Екінші баспалдақ – алдын ала ойлан: бір нәрсе істер алдында оның салдарын ойлан; қызық үшін тәуекел етпе; сенімсіз болсаң – үлкеннен сұра.

  • Үшінші баспалдақ – үлкендердің кеңесін тыңда: ата-анаң мен мұғалімдер сенің қауіпсіздігіңді қалайды; олардың кеңестерін орында және бекер дауласпа.

  • Төртінші баспалдақ – «жоқ» деп айтуды үйрен: біреу қауіпті ойын немесе әрекет ұсынса – бас тарт; құрдастарыңның үгіттеуіне ерме.

  • Бесінші баспалдақ – басқаларға көмектес: достарыңа қауіпсіздік ережелерін еске сал; біреу қиын жағдайға тап болса – үлкенге айт.

Өзіңді сақта және есіңде болсын: қауіпсіздік – бұл күн сайын көтерілу керек баспалдақ!
Қауіпсіздік өзіңнен басталады! Абай бол – сонда әр баспалдақ берік болады!

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni
#shortandy_audanynyn_akimdigi
#nurken.shakhmetov
#sagyndykshabarov
#akhmetova_sholpan_khasenkyzy

Просмотров: 134

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст