"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Республика күнімен, Қазақстан!»

24.10.2025

 

2025 жылғы 25 қазан күні елімізде Республика күні аталып өтті. Бұл күн – Қазақстанның дербестікке қол жеткізіп, мемлекеттік тәуелсіздігін нығайта бастаған кезеңін бейнелейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең жоғары құндылықтары – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет кентіндегі №1 орта мектебінде тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Республикам – мақтанышым!» / «Республика – менің мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мақсаты мен міндеттері:
– оқушылардың бойында патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеу;
– туған Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру;
– еліміздің тарихына деген танымдық қызығушылығын арттыру;
– қарым-қатынас мәдениетін, саналылық пен тәртіптілікті дамыту;
– оқушылардың зияткерлік қабілеттерін жетілдіру және шығармашылық ой-қиялын белсендіру.

Сынып сағаттары барысында оқушылар назарына тамаша, ғажайып және әсем ел – Қазақстан туралы бейнероликтер мен презентациялар ұсынылды. Қазақстан – ежелгі мәдениет пен дәстүрге бай, теңіз бен шөл, дала мен тау, мәңгі мұз бен тайгалы орман қатар өмір сүретін ғажайып ел.

Ежелгі заманнан бүгінге дейін гуманизм, төзімділік, ынтымақтастық, ұлтаралық және рухани келісім, тұрақтылық, сенім, демократиялық дәстүрлер мен сөз бостандығы сияқты құндылықтар Қазақстанда орнығып, болашақтың берік негізіне айналды.

Басты мәдени құндылықтар – үлкенге құрмет, бейбітшілік пен төзімділік, ашықтық пен қонақжайлылық, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге ұмтылу. Өз Отанын сүйетін әрбір адам өз халқының, өз елінің тарихын білуге талпынады, себебі өткенді білу – бүгінімізді түсінуге, жетістіктерімізді бағалауға және болашаққа сенімді бағыт жасауға мүмкіндік береді.

#RepublicDay25Қазан
#Декларация35жыл
#МеніңҚазақстаным
#АдалАзамат
#РеспубликаКүні
#МенПатриотпын
#Мереке
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Kurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

Просмотров: 215

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст