2025 жылғы 25 қазанда еліміз Республика күні мерекесін атап өтеді. Бұл күн – Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту мен дербестікке қол жеткізудің бастауы болған тарихи сәтті білдіреді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран жатады. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып келеді, оның ең қымбат қазынасы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Ақмола облысы Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп КММ-де тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес «Республикам – мақтанышым!» / «Республика – моя гордость!» атты сынып сағаттары өткізілді.
Мақсаты мен міндеттері:
-
Оқушылардың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін, туған еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру;
-
Қазақстан тарихына, ел мәдениетіне деген танымдық қызығушылығын арттыру;
-
Саналы тәртіп, қарым-қатынас мәдениеті, шығармашылық қиял мен интеллектуалдық деңгейін дамыту.
Сынып сағаттары барысында оқушылардың назарына Қазақстан туралы бейнероликтер мен таныстырылымдар ұсынылды – ежелгі мәдениеті бар, теңіз бен шөл, дала мен тау, мәңгілік мұздар мен орман қатар өмір сүретін таңғажайып, әсем ел туралы.
Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін гуманизм, төзімділік, өзара ынтымақтастық, рухани келісім, тұрақтылық, сенім мен демократиялық дәстүрлер – қазақ халқының басты құндылықтары болып келеді.
Мәдени құндылықтар: үлкенді құрметтеу, бейбітшілік пен төзімділік, ашықтық, қонақжайлылық және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге ұмтылу.
Өз Отанын сүйетін әрбір адам өз халқының тарихын білуге ұмтылады, себебі өткенді тану арқылы ғана біз қазіргі жетістіктерімізді бағалап, болашаққа бағыт-бағдар жасай аламыз.
#RepublicDay25Қазан
#Декларация35жыл
#МеніңҚазақстаным
#адалазамат
#республикакүні
#менпатриотпын
#мереке
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni