24.10.2025
Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Жолдығазинова Г.К. 2 «А» сынып оқушыларымен жаратылыстану пәнінен «Неліктен жануарлар әртүрлі?» тақырыбында TOPIQ электрондық платформасы арқылы сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға «Бұл суреттерді не біріктіреді?» деген тапсырма беріліп, белгілері бойынша жануарлардың қай сыныпқа жататынын анықтау ұсынылды.
Оқушылар барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Сабақ соңында олар жануарлардың бейімделу тәсілдерін сипаттауды, жануарларды қорғаудың маңыздылығын түсінді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni