24.10.2025
Баланың үйлесімді дамуы үшін қолдау көрсететін орта тек білім беру мекемесінде ғана емес, үйде де болуы маңызды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен бекітілген «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында және Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ жанындағы психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының (ЦППР) жұмысы шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Бағдарламаның 1-модулі – «Ішкі күш» бойынша оқушылармен «Қауіпсіздік пен сенім – тірегімізді қалыптастырамыз» атты кездесу өткізілді.
Мақсаты: топ ішінде сенім мен жайлылық негізінде қауіпсіз өзара әрекеттесу және бірігу жағдайларын жасау.
Міндеттері:
– қатысушыларды бір-бірімен таныстыру;
– ойын жаттығулары арқылы оқушыларды топ жұмысына тарту;
– эмоционалдық реакциялар мен қауіпсіздік сезімі туралы базалық түсінік беру.
Күтілетін нәтижелер:
– травматикалық тәжірибені өңдеу;
– өз эмоцияларын тану және басқару дағдыларын қалыптастыру;
– бақылау мен қауіпсіздік сезімін қалпына келтіру;
– күйзеліспен күресу қабілетін дамыту;
– айналадағы адамдармен қарым-қатынасты жақсарту.
Бағдарламаның 2-модулі – «Бала қауіпсіздігі» бойынша ата-аналар мен оқушыларға арналған тренинг сабақтарының бірінші сабағы «Жеке шекаралар мен зорлық-зомбылық: көремін, түсінемін, әрекет етемін» тақырыбында өтті.
Мақсаты: оқушыларда зорлық-зомбылық пен жеке шекараның бұзылуы мәселесін түсіну қабілетін қалыптастыру, әлеуметтік жағдайларды сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын арттыру және тиімді өзін-өзі қорғау тәсілдерін дамыту.
Міндеттері:
– зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерін (физикалық, психологиялық, сексуалдық, киберзорлық-зомбылық) кешенді түсіндіру, олардың көріністері мен ұзақ мерзімді салдарын ұғындыру;
– жеке және өзге шекараларды сыни тұрғыда талдау және түсіну қабілеттерін дамыту, тұлғааралық қатынастардағы жасырын немесе күрделі бұзушылықтарды анықтау;
– зорлық пен шекара бұзушылық жағдайларына конструктивті түрде әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
– уайым мен қорқынышты азайту;
– ересектерге деген сенімді қалпына келтіру және қорғаныш сезімін қалыптастыру;
– өзін-өзі реттеу мен эмоционалдық интеллектіні дамыту;
– оқу мотивациясы мен зейінді жақсарту;
– өзін-өзі бағалау мен сенімділікті арттыру;
– қауіпсіз жеке шекараларды қалыптастыру және көмек сұрау дағдыларын дамыту;
– қайталама жарақат алу мен зорлық-зомбылық сценарийлерінің алдын алу.
#адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni