Мектеп Президентін сайлау туралы Ережеге сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде» мектеп Президентін сайлау өтті.
Қазіргі мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесінің негізгі мақсаты – оқушыларды қоғамдағы демократиялық қатынастар негіздеріне үйрету, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сондай-ақ мектеп өміріне жаңа, жарқын идеяларды енгізу мүмкіндігін беру болып табылады.
Сайлау комиссиясына барлығы 4 кандидат тіркелді. Барлық үміткерлер мектеп өміріне белсене қатысып, оқу ордасын жақсартуға деген зор ынта танытқан, лайықты оқушылар болды. Сайлауалды науқанның алғашқы күнінен бастап әр кандидат өз сайлаушыларын тарту мақсатында белсенді жұмыс жүргізді: үгіт парақшалары ілініп, олардың бағдарламалары мен алдағы жоспарлары ұсынылды, сондай-ақ дауыс беруге шақырулар жарияланды.
Дауыс беруді өткізу үшін Сайлау комиссиясы құрылып, ол сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істеді. Барлығы 273 сайлаушы тіркелді. Сайлау белсенді, қызықты, мерекелік және достық атмосферада өтті. Сайлау рәсімінде ешқандай бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сайлауға төрт кандидат қатысты:
– Белан Вероника, 8-сынып оқушысы;
– Скочилова Елена, 9-сынып оқушысы;
– Самай Елжан, 10-сынып оқушысы;
– Шахманова Жанель, 10-сынып оқушысы.
Барлық үміткерлер лайық болғанымен, дауыс беру қорытындысы бойынша мектеп Президенті болып 10-сынып оқушысы Шахманова Жанель сайланды. Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Мектептегі өзін-өзі басқаруға қатысу – оқушылардың өз бетімен әрекет ету қабілетін, креативті ойлауын дамытып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
#Мектептік_парламент
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni