Қазақстан Республикасы күні – бұл ұлттық мереке, ол 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның құрметіне орай жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. Бұл құжат елдің тәуелсіздікке бағыт алған алғашқы қадамы болып, мемлекеттің егемендігі мен халық бірлігінің символына айналды.
Осы мерекені атап өту аясында Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде» «Диспут» дебат клубының жетекшісі «Тәуелсіздік – елдің баға жетпес байлығы!» тақырыбында дебат өткізді.
Дебат барысында мемлекеттік мерекенің маңызы, елдің дамуы жолындағы тәуелсіздіктің рөлі, Қазақстанның егемендік жылдарындағы жетістіктері, сондай-ақ жастардың мемлекеттің болашағына көзқарасы талқыланды. Сонымен қатар ел тарихы, мәдениеті және дамуы жөніндегі маңызды мәселелер қозғалды.
Мақсаты: оқушылардың азаматтық ұстанымын, патриоттық сезімін қалыптастыру және дәлелді пікірталас жүргізу қабілетін дамыту. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, дәлелдер мен мысалдар келтіре отырып, азаматтық белсенділіктері мен ел тарихына деген қызығушылықтарын көрсетті.
#адалазамат
#республикакүні
#менпатриотпын
#мереке
#республикакүнімен
#деньреспублики
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni