"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жолдағы қауіпсіздік – бәріміздің ортақ міндетіміз».

20.10.2025

Жол қозғалысы ережелері – бұл жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ережелер жиынтығы. Барлық қатысушылар жол-көлік оқиғаларының алдын алу және адам өмірін сақтау үшін оларды қатаң түрде сақтауы тиіс.
Тәрбиелік жұмыс жоспарына сәйкес, оқушыларда жолда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын және мәдениетін қалыптастыру, жеке және басқа қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Біздің көшелер – қауіпсіз қозғалыс» атты іс-шаралар өткізілді.

Іс-шара барысында оқушылармен келесі негізгі ережелер қайталанды және талқыланды:

  • Жаяу жүргіншілердің қозғалысы: жаяу жүргіншілер тротуармен жүруі тиіс, ал егер ол болмаса – жолдың шетімен, оң жақ жағымен қозғалу керек;

  • Жолды кесіп өту: жолды тек «зебра» арқылы, жерасты немесе жерүсті өткелдері арқылы және тек жасыл шам жанғанда немесе реттеушінің рұқсат белгісі бойынша өту қажет; жолға шығар алдында алдымен солға, кейін оңға қарап, қауіпсіз екеніне көз жеткізу керек;

  • Көлік күтудің ережелері: автобусты немесе трамвайды тек арнайы аялдамаларда немесе тротуарда күту қажет, жолдың шетіне тым жақындауға болмайды;

  • Ойындар мен жолға жүгіріп шығуға тыйым: жолда ойнауға, шанамен, самокатпен немесе конькимен сырғанауға болмайды; жақындап келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге, жолды кесіп өткенде телефон немесе құлаққап қолдануға болмайды; сондай-ақ ағаштардың, көліктердің немесе басқа да кедергілердің арасынан жолға жүгіріп шығуға тыйым салынады.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жолдағы барлық қатысушылар үшін міндетті заң болып табылады.

#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

 
 
 
Просмотров: 104

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст