"Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа №1 п. Жолымбет отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Экологиялық тәрбие: тұрақты болашаққа апарар жол».

20.10.2025

Табиғат – бұл бізді қоршаған әлем. Ол бізге өмір сүру үшін қажеттінің бәрін береді: оттегі, су, азық. Табиғатсыз адам өмірі мүмкін емес, өйткені дәл табиғаттың арқасында біз әлемнің әсемдігін көре аламыз.

Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы білім бөліміне қарасты «Жолымбет ауылы №1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің биология және химия пәні мұғалімдері қоршаған ортаны қорғау, табиғат пен оның тіршілік иелеріне ұқыпты қарау мәселелері бойынша сынып сағаттарын өткізді.

Іс-шара барысында викторина, экологиялық ойындар, түрлі тапсырмалары бар «Экологиялық мозаика» және табиғатты қорғауға бағытталған нақты іс-шараларды талқылау ұйымдастырылды.
«Экологияны жақсартудың қарапайым қадамдары» тақырыбында суды және электр энергиясын үнемдеу, пластиктен бас тарту, қоқысты сұрыптау және заттарға екінші өмір беру жолдары айтылды.
«Табиғат пен оның тіршілік иелеріне ұқыпты қарау» тақырыбында ормандағы мінез-құлық ережелері түсіндірілді: шуламау, құмырсқа илеуін бүлдірмеу, жануарларды ұстап алмау және қоқыс қалдырмау.
«Адамның табиғатқа әсері» тақырыбында адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға ықпалы және оны қорғаудың маңыздылығы қарастырылды.

Оқушыларға негізгі ұғымдар түсіндірілді:

  • Экологиялық тәрбие: табиғатты қорғау және тұрақты даму үшін білім мен дағдыларды қалыптастыру процесі;

  • Экологиялық сана: әр адамның табиғатты сақтаудағы рөлін түсінуі маңызды;

  • Экологиялық жауапты мінез-құлық: табиғатқа көмектесетін әдеттер – суды үнемдеу, қоқысты сұрыптау, экологиялық тұрғыдан дұрыс батареяларды қолдану;

  • Экологиялық қозғалыстарға қатысу: сенбіліктерге, ағаш отырғызу және басқа да экологиялық бастамаларға қатысу.

Табиғатты қорғау — күнделікті өмірдегі қарапайым істерден басталады.

#адалазамат
#республикакүні
#менпатриотпын
#мереке
#республикакүнімен
#деньреспублики
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni

 
 
 
Просмотров: 7

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст