«Күз – жылдың соңғы, ең ғажайып күлкісі…»
Тәрбие жұмысы жоспарына және бастауыш сыныптар онкүндігі аясында, 16 қазан күні Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты “Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебінде” бастауыш сынып оқушыларына арналған дәстүрлі және көпшіліктің сүйікті мерекесі – «Сәлем, Күз!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Бұл мереке жылдың ең тамаша мезгілдерінің бірі – күзге арналды. Күз мерекесі өзіне тән ерекше түстер мен қайталанбас көңіл күйді үйлестіретін тамаша шара болды.
Мақсаты:
– маусымға сай жарқын атмосфера құру;
– эстетикалық талғамды, достық пен өзара көмектесу сезімін дамыту;
– табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
– көңілді уақыт өткізу мен өз өнерін көрсетуге баулу.
Мереке барысында мектеп ерекше безендірілді: күзгі гүлдер, жапырақтар, жемістер мен көкөністер, жапырақтардан жасалған гирляндалар, түрлі түсті шарлар және басқа да әдемі декор элементтері қолданылды.
Оқушылар өлеңдер оқып, әндер айтып, би билеп, шағын театрландырылған қойылымдар қойды, түрлі ойындар мен байқауларға қатысты.
Осындай іс-шаралар оқушылардың эстетикалық талғамын, достық сезімін және көңілді бола білу қабілетін дамытуға ықпал етеді.
#Адал_азамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmola_metod_center
#aqmolaoblysybirtutas_tarbie
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#anar_tanirbergenova18
#saule_amanzhol
#aqmoedu
#Кurmangalieva405
#saltanattemirgali
#Bilimguni