Мектептегі кәмелетке толмағандар арасындағы азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы – бұл оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және оларда адамгершілік нормалары мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені болып табылады.
Азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында, Алкогольді тұтынудан бас тартудың ұлттық күніне орай, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданының білім бөліміне қарасты “Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі” КММ медициналық мейірбикесі Ольжабаева А.Н. мен әлеуметтік педагог Малинина А.А. жоғары сынып оқушылары арасында «Алкоголь және оның әлеуметтік салдары» / «Алкогольді ішімдіктердің зияны неде?» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді.
Беседаның мақсаты – оқушылардың өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру, алкоголь өнімдерінің зияны туралы білім деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын дамыту.
Әңгіме барысында оқушылар алкогольдің адам ағзасына, әсіресе жасөспірімнің денесіне қалай әсер ететінін, оның физикалық және психикалық денсаулыққа қандай зиян тигізетінін, сондай-ақ зиянды әдеттерге «жоқ» деп айтудың қаншалықты маңызды екенін білді.
Денсаулық – бұл адамның толық аман-есендігі мен өмірге қуана қарап, өз мүмкіндіктеріне сай мақсаттарға жетуіне мүмкіндік беретін күй.
Денсаулықтың негізгі көрсеткіштері:
– өз денсаулығын сақтау мен нығайта білу,
– өз мінез-құлқын өзге адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына зиян келтірмей құра білу,
– жоғары еңбек қабілеттілігі мен ауруларға төзімділік,
– өзіне деген сенімділік, іс-әрекеттерін, сезімдері мен ойларын басқара білу қабілеті.
Салауатты өмір салты мен алкоголь – үйлеспейді!
#Адал_азамат #Біртұтас_тәрбие #aqmola_metod_center #aqmolaoblysybirtutas_tarbie #oqu_agartu_ministrligi #ganibeisembayev #medetbekovameruert #anar_tanirbergenova18 #saule_amanzhol #aqmoedu #Кurmangalieva405 #saltanattemirgali #Bilimguni